2 күн бұрын
Жозе Моуриньо 13 жылдан кейін «Реал Мадридке» қайта келді
Фото: UEFA.com
Португалиялық маман Жозе Моуриньо Испанияның «Реал Мадрид» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл шешім Флорентино Перестің корольдік клубтың басшысы қызметіне келгеннен кейін қабылданды. Ол жанкүйерлер алдында тәжірибелі бапкердің 13 жылдан кейін қайта оралуына мүмкіндік жасайтынын айтқан еді.
Айта кетсек, Жозе Моуриньо испаниялық клуб тізгінін 2010-2013 жылдары ұстаған еді. 2011/2012 жылғы маусымда ол «Реал Мадрид» клубымен бірге Испания чемпионы атанса, бір жыл бұрын Испания кубогын төбесіне көтерді.
Сондай-ақ ол Испания суперкубогына ие болды.
Тәжірибелі маман 1986 жылдан бері бапкерлік қызметте келеді. Ол алғашқы жылдары Португалияның «Витория Сетубал» клубының түрлі жастағы командасында еңбек етсе, одан кейін сол елдің «Эштроела», «Спортинг Лиссабон», «Порту» клубтарының тізгінін ұстады.
Одан кейін «Барселона» (Испания), «Униан Лейрия» (Португалия), «Порту» (Португалия), «Челси» (Англия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Тоттенхэм Хостпурс» (Англия), «Интернационале» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания), «Рома» (Италия), «Фенербахче» клубтарында бас бапкер болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Мексикада 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан