3 сағат бұрын
«Жеңіс» сапынан грузиялық шабуылшы кетті
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
«Жеңіс» футбол клубы грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісімшарттың бұзды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Элгуджа командаға өткен жылдың жазында қосылып, қысқа мерзімде «сары-қаралардың» шабуыл шебіндегі негізгі күшіне айналды.
- 2025 жылғы маусымда ол елордалық ұжым сапында 11 матч өткізіп, 4 маңызды гол соқты және 1 нәтижелі пас берді. Оның бұл нәтижелілігі командамыздың турнирлік кестеде 6-шы орынға тұрақтауына зор септігін тигізді. Биылғы маусымда да тәжірибелі форвард алаңға шыққан әр ойында барын салып, кәсібиліктің үлгісін көрсете білді, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын “Астана” футбол клубының директоры қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан