1 сағат бұрын
Қазақстан WU-19 құрамасының Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Фото: ҚФФ
Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы маусымда Еуропа чемпионатының 19 жасқа дейінгі қыздар арасында бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жеребе нәтижесінде Қазақстанның WU-19 қыздар құрамасы В лигасының 6-тобында Румыния, Чехия және Польша құрамаларымен сынға түсетін болды. Ойындардың өтетін уақыты мен орны кейін жарияланады.
Айта кетейік, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын алғандардың ішінен ең үздігі осы іріктеу кезеңін А лигасында жалғастырады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы қыздар арасындағы U-17 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан