1 күн бұрын
Ислам Чесноков өзінің қай командада ойнайтынын анықтады
Фото: «Хартс» футбол клубы
Ислам Чесноков өзінің болашағы жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы алдағы уақытта шымкенттік «Ордабасы» құрамын толықтырады. Қазір ол Шотландияның «Хартс» клубында ойын көрсетеді.
Ислам Чесноков 1999 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Сол қаланың «Алтай» командасының түлегі футболдағы алғашқы қадамын 2018 жылы өз ұжымында бастады. Одан кейін 2021-2022 жылдары Беларусьтің «Белшина» сапында ойнаған ол 2023 жылдан бері Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғап келеді.
2023 жылдан бері ұлттық құрама сапында 21 ойында 3 гол соғып үлгерді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан