1 күн бұрын
Шахбоз Умаров мансабын Қазақстанда жалғастырады
Фото: kazfootball.kz
Өзбекстандық вингер Шахбоз Умаров мансабын Көкшетаудың «Оқжетпес» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы соңғы рет Өзбекстанның «Бунёдкор» клубында ойнады. Онда 7 кездесуде 1 мәрте гол соғып, үш мәрте нәтижелі пас шығарып берді.
Умаров қазақстандық жанкүйерлерге «Ордабасы», «Тұран» және «Тобыл» командаларында ойнағанымен жақсы танымал.
Ол ҚПЛ-да 67 кездесуде 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас шығарып берді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ислам Чесноков өзінің қай командада ойнайтынын анықтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан