Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Жеңіс» сапына ганалық қорғаушы қосылды 

«Жеңіс» сапына ганалық қорғаушы қосылды 

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

«Жеңіс» футбол клубы ганалық қорғаушы Патрик Кпозомен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Еуропалық додаларда ысылған және өзінің жылдамдығымен көзге түскен Патрик енді сары-қара түсті жейдеде өнер көрсететін болады. Сол қанаттағы қорғанысты да, жартылай қорғанысты да бірдей жауып, жоғары белсенділік танытатын тәжірибелі 28 жасар футболшы біздің ұжымды күшейте түспек.

Гананың «Интернационал Аллиес» клубының түлегі, Швецияның «АИК» пен «Эстерсунд» ұжымдарында шеберлігін шыңдаған Кпозо молдавиялық «Шериф» сапында екі дүркін ел чемпионы және Кубок иегері атанған. Ол Чехияның «Баник» клубынан ауысып келген және Гана ұлттық құрамасына шақырту алған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорданың «Қайсар» клубы ресейлік қорғаушы Амир Мохаммадпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға келісті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан