4 сағат бұрын
Астанада Премьер-лига төрешілеріне арналған семинар аяқталды
Фото: ҚФФ
Астанада Қазақстан Премьер-лигасының матчтарына қызмет көрсететін төрешілер, төреші көмекшілері және VAR мамандарына арналған семинар аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іс-шара төрешілерді Қазақстан Премьер-лигасы маусымының екінші бөлігіне дайындау аясында ұйымдастырылды.
Семинарға шамамен 65 төреші қатысты. Бағдарлама Ойын ережелері мен VAR жүйесінің жұмысы бойынша дәстүрлі тестілеуден басталып, қатысушылар өздерінің теориялық дайындық деңгейін растады.
Семинардың негізгі бөлігінде теориялық сабақтар мен топтық жұмыстар өткізілді. Төрешілер мен олардың көмекшілері УЕФА ұсынған бейнематериалдарды, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лига матчтарындағы ойын сәттерін талдады. Мұндай формат шешім қабылдаудағы бірізділік пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, қатысушылар «Астана Арена» стадионында фитнес-тест тапсырып, жоғары деңгейдегі матчтарға қызмет көрсетуге қажетті физикалық дайындығын тексерді.
Семинар аясында қауіпсіздік пен адалдық қағидаттарына арналған арнайы сессия өтті. Оған ҚФФ-ның қауіпсіздік және интегрити қызметінің жетекшісі қатысып, жарыстардың әділдігін қамтамасыз ету және осы бағыттағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Семинар қорытындысы бойынша төрешілер, төреші көмекшілері және VAR мамандары теориялық әрі практикалық білімдерін жетілдіріп, алдағы чемпионат турларында алған тәжірибелерін қолдануға дайын екенін білдірді.
Еске салсақ, бұдан бұрын “Астана” футбол клубының директоры қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан