Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Шохбоз Умаров Қазақстанға қайта оралды

Шохбоз Умаров Қазақстанға қайта оралды

Фото: «Оқжетпес» футбол клубы

«Оқжетпес» футбол клубы өзбекстандық жартылай қорғаушы Шохбоз Умаровпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

27 жастағы футболшы халықаралық деңгейде мол тәжірибеге ие. Шохбоз 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Өзбекстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енген, сондай-ақ 2023 жылғы Азия кубогының ширек финалисі атанған.

Өз мансабында Умаров Өзбекстан, Беларусь және Қазақстан клубтарының намысын қорғап, АГМК, «Энергетик-БГУ», БАТЭ, «Ордабасы», «Тұран» және «Тобыл» командаларында өнер көрсетті. 2022 және 2025 жылдары Қазақстан Кубогының иегері, 2023 жылғы Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының қатысушысы.

Еске салсақ, бұдан бұрын Өзбекстандық вингер Шахбоз Умаров мансабын Көкшетаудың «Оқжетпес» командасында жалғастыратыны хабарланған еді.





Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан