6 сағат бұрын
«Тұран» қақпашы Саятхан Құсайыновты жалға алды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Тұран» және «Ақтөбе» футбол клубтары жас қақпашы Саятхан Құсайыновты жалға алу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Саятхан - Ақтөбе футбол мектебінің түлегі. Ол алғашқы кәсіби келісімшартын 2024 жылы туған клубы - «Ақтөбемен» жасап, сол жылы негізгі командамен бірге оқу-жаттығу жиындарынан өтті.
«Ақтөбе-Жас» сапында өнер көрсетіп, QJ League Awards марапатында үздік қақпашы атанды.
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада Премьер-лига төрешілеріне арналған семинар аяқталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан