7 сағат бұрын
Бүгін ҚПЛ-да басты ойындардың бірі өтеді
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Бүгін футболдан Қазақстан чеспионатында Семейдің «Елімай» және шымкенттік «Ордабасы» командалары он үшінші тур ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл - аталған турдың басты матчы. Екі команда биыл біріншілікте жүлделі орындарға таласуды алдына мақсат етіп отыр. Олар еуродода ойындарын ел намысын қорғайды.
19:00-ге белгіленген.
Сондай-ақ бүгін ел біріншілігінде тағы төрт ойын өткізіледі.
Ойындар кестесі
14 маусым
17:00. «Ұлытау» (Жезқазған) — «Жеңіс» (Астана)
19:00. «Елімай» (Семей) — «Ордабасы» (Шымкент)
19:00. «Астана» — «Ертіс» (Павлодар)
20:00. «Ақтөбе» — «Алтай» (Өскемен)
20:00. «Каспий» (Ақтау) — «Қайсар» (Қызылорда).
Бұл турда 13 маусымда қостанайлық «Тобыл» Петропавлдың «Қызылжарын» 2:0 есебімен жеңсе, «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2, «Қайрат» (Алматы) пен «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Бұл турдағы алғашқы ойын күнінен кейін «Ордабасы» 28 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 27, «Оқжетпестің» 24 ұпайы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын павлодарлық «Ертіс» сапына бразилиялық ойыншы Лукас Рамос қосылды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан