2 сағат бұрын
ҚПЛ: «Елімай» - «Ордабасы» кездесуінің төрешісі қамауға алынды
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы он үшінші турындағы «Елімай» (Семей) - «Ордабасы» (Шымкент) кездесуінде төрелік еткен Арман Есмұратов бес күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
Бұл кездесуде бас төреші қызметіне жат қылықтар көрсеткен. Кездесу біткеннен кейін семейлік команда өкілдеріне балағат сөздер айтқан.
Осыған байланысты жергілікті жанкүйерлер Абай облысының әкімі Берік Уәлиге бұл жағдайды бақылауға алу өтініш білдірді. Полиция төрешіне әуежайда ұстап, оны кері қайтарды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан