Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Футболдан ӘЧ-2026: Испания құрамасы сенсациялық нәтижені тіркеді

Футболдан ӘЧ-2026: Испания құрамасы сенсациялық нәтижені тіркеді

Фото: Championat.ru

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасы Кабо-Вердемен тең түсіп, сенсациялық нәтижені тіркеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік футболда өз орнын ойып еншілеген испаниялық ойыншылар бұл кездесуде үш ұпайды еш қиындықсыз олжалаймыз деп ойласа керек-ті. Бас бапкер Луис де ла Фуэнте ойын барысында Ламин Ямаль , Нико Уильямс секілді тәжірибелі футболшыларды қосалқы құрамда қалдырды.

Алғашқы минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысқан олар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Соған қарамастан африкалық құрама қорғаныс шебінде сауатты ойнай білді. Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де ойын барысы өзгерген жоқ. Испаниялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Алайда діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Енді бұл топта 16 маусымда Қазақстан уақытымен 03:00-де Сауд Арабиясы - Уругвай жасыл алаңға шығады.

Ал G тобында 16 маусымда 00:00-де Бельгия - Египет, 06:00-де Иран - Жаңа Зеландия кездеседі.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады.

Еске салсақ, АҚШ кіргізбей қойған сомалилік төрешіге ФИФА толық сыйақы төлейді.

.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан