Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

«Оқжетпес» беларусьтік шабуылшыны қатарға қосты

«Оқжетпес» беларусьтік шабуылшыны қатарға қосты

Фото: «Оқжетпес» футбол клубы

«Оқжетпес» футбол клубы шабуылшы Всеволод Садовскиймен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Футболдағы алғашқы қадамдарын Минск қаласындағы «Динамо» академиясында бастап, кейін БАТЭ жүйесінде тәрбиеленген. Кәсіби мансабында Беларусьтің «Звезда-БГУ», «Энергетик-БГУ», «Динамо-Брест» және «Рух» клубтарында өнер көрсетті.

2022 жылы Қазақстанның «Ордабасы» клубына ауысып, Премьер-лигада дебют жасап, Қазақстан Чемпионы атанды. 2025 жылдың көктемінде Польшаның «Котвица» кейіннен елордалық «Жеңіс» сапында ойнады.

Сонымен қатар, Беларусь біріншілігінің 2018 жылғы үздік сұрмергені атанған.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы өзбекстандық жартылай қорғаушы Шохбоз Умаровпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан