2 сағат бұрын
«Қайсардың» дәрігерлер штабына бразилиялық маман қосылды
Фото: «Қайрат футзал клубы
Білікті реабилитолог Тиаго Виейра «Қайсар» футбол клубының дәрігерлер штабына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бразилиялық маман Қазақстан, Бразилия құрамаларында, «Қайрат» футзал клубында табысты еңбек еткен. Жаңа маманымыз футболшылардың қалыпқа келу жұмыстарына атсалысатын болады.
Қызылордалық клуб қазір турнир кестесінде 13 ұпаймен 12-орында келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» ресейлік қорғаушысымен қош айтысты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан