2 сағат бұрын
«Елімай» және «Астана» Конференция лигасы алғашқы кезеңінде кімдермен ойнайды?
Фото: «Астана» футбол клубы
Футболдан 2026/2027 жылғы маусымдағы UEFA Конференция лигасы алғашқы іріктеу кезеңіндегі қазақстандық «Елімай» және «Астана» клубтарының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Семейлік жарыстың бұл кезеңінде Арменияның «Алашкерт» клубымен шеберлік байқасады.
Ал «Астананың» алғашқы қарсыласы - Албанияның «Динамо Сити» командасы.
Алғашқы ойын 9 шілдеде өтсе, қарымта кездесу 16 шілдеге белгіленген.
Айта кетсек, «Елімай» еурокубок ойындарында тұңғыш рет бақ сынайса, «Астана» бұдан бұрын Чемпиондар, Еуропа және Конференция лигаларында Қазақстан намысын қорғады. Еурокубок ойындарында топтық кезеңге дейін жетті.
Қостанайлық «Тобыл» еурожорығын Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Сондай-ақ бүгін футболдан 2026/2027 жылғы маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы алғашқы іріктеу кезеңіндегі алматылық «Қайраттың» қарсыласы анықталды.
Қазақстандық команда жарыстың бұл сатысында Черногорияның «Сутьеска» клубымен шеберлік байқасады.
Чемпиондар лигасында алғашқы кезең 7-8 және 14-15 шілде күндері болады.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда негізгі кезеңде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсардың» дәрігерлер штабына бразилиялық маман қосылды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан