Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

«Ордабасы» франциялық футболшыны қатарға қосты

«Ордабасы» франциялық футболшыны қатарға қосты

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

29 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Тидиана Кейтамен екі жылдық келісімшартқа қол қойлы, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тидиана Кейта – «Тулуза» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында Францияның «US Colomiers», «Орлеан» және «Дюнкерк» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Румынияның «Петролул Плоешти» мен «ЧФР Клуж» командаларының намысын қорғаған.

Өткен маусымда Тидиана Кейта 38 матчқа қатысқан. Жалпы мансабында 257 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Аты-жөні: Тидиана Кейта

Туған күні: 18.09.1996

Азаматтығы: Франция

Ойын позициясы: Тірек жартылай қорғаушы

Бойы: 180 см.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» қазақстандық футболшымен 2029 жылға дейін келісімшарт жасады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан