2 сағат бұрын
Элгуджа Лобжанидзе ҚПЛ-дың тағы бір клубына ауысты
Фото: «Алтай» футбол клубы
Өскемендік «Алтай» клубы грузиялық орталық шабуылшы, «ВИТ Джорджия» академиясының түлегі Элгуджа Лобжанидземен ресми келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осыған дейін ол «ВИТ Джорджия», «Рустави» «Қайсар», «Динамо Батуми», «Тобыл», «Қызылқұм» және басқа да көптеген клубтарда өнер көрсетті. Сондай-ақ, ол Грузия ұлттық құрамасында да ойнаған.
Еске салсақ, Өскеменнің «Алтай» клубы алдағы жазғы трансфер кезеңінде құрамын күшейтуді жоспарлап отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан