Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Ақтөбе Чемпиондар лигасы ойындарын қабылдайды

Ақтөбе Чемпиондар лигасы ойындарын қабылдайды

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасы матчтары Ақтөбеде өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» әйелдер Чемпиондар лигасында 3-топқа түсті.

3-топ:

«Ақтөбе» (Қазақстан)

«Динамо Минск» (Беларусь)

«Брейдаблик» (Исландия)

«Серветт» (Швейцария)

Екінші іріктеу кезеңі матчтары тамыз айында Ақтөбе қаласында өтеді. Топ жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алады.

Төрт команданың бірі шағын турнирді өз алаңында қабылдайды. Турнирдің жартылай финалдық кездесулері 5 тамызда, ал финал мен үшінші орын үшін матчтар 8 тамызда өтеді.

«Ақтөбе» 5 тамызда Исландияның «Брейдаблик» клубымен ойнайды, оны жеңген жағдайда «Динамо Минск» пен «Серветт» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Топ жеңімпазы Чемпиондар жолы арқылы әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Екінші орын алған команда әйелдер арасындағы Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңінде ойын көрсетсе, үшінші орын иегері аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңіне түседі.

Жалпы алғанда, 19 команда жарысты алғашқы іріктеу кезеңінен бастайды. Ол матчтар 22 және 25 шілдеде өтеді. Ал екінші іріктеу кезеңінде бес жеңімпазға қосымша 39 клуб қосылып, кездесулер 5 және 8 тамыз күндеріне жоспарланған.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Жеңіс» футбол клубы Давид Лорияның бас директор қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан