3 сағат бұрын
Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер белгілі болды
Фото: football24.ru
Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына басты үміткер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, ұлттық құраманың жаңа бапкері тағайындалады. Оған жақын арада 62 жастағы фин маманы Маркку Канерва келеді деген әңгіме бар, - деп жазды ол.
Канерва - фин футбол тарихындағы ең табысты бапкердің бірі. Оның басшылығымен Финляндия құрамасы 2019 жылы өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама алды.
Алайда оның ұлттық құрама тізігінін ұстаған уақыттағы соңғы нәтижеі сәтсіз болды. УЕФА Ұлттар Лигасының 2024/25 маусымындағы финдер топтық кезеңнің барлық алты матчында 2:13 гол айырмашылығымен жеңіліп қалды. Осыдан кейін Финляндия футбол қауымдастығы маманмен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Қазір Канерва ешқандай қызмет атқарып жатқан жоқ. Ал оның кандидатурасы Талғат Байсуфинов кеткеннен кейін Қазақстан құрамасымен жұмыс істеудің басты нұсқасының бірі ретінде саналып отыр.
Айта кетсек, Темірлан Анарбековтың трансферлік бағасы екі есеге өсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан