Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Димитар Митков «Ордабасыдан» кетті 

Димитар Митков «Ордабасыдан» кетті 

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

«Ордабасы» футбол клубы мен шабуылшы Димитар Митков келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы ортақ шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Димитар командамызға 2026 жылдың қаңтар айында қосылды. Осы уақыт ішінде шабуылшы 13 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас авторы атанды. Димитарға клуб сапында өткізген кезеңі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз, - деп жазылған хабарламада.

Димитар Митков кәсіби мансабында Болгарияның «Лудогорец», «ЦСКА 1948», «Локомотив» (София), «Спартак» (Варна), «Ботев» клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар шабуылшы Ресейдің «Рубин» және Тәжікстанның «Истиклол» командаларында өнер көрсеткен.

2021 жылы Митков Болгария жастар құрамасына шақырылып, оның сапында 4 матч өткізді.

Еске салсақ, бұдан бұрын 29 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Тидиана Кейтамен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан