3 сағат бұрын
Самсон Иеде - «Ертіс» ойыншысы
Фото: «Ертіс» футбол клубы
«Ертіс» футбол клубы 28 жастағы нигериялық шабуылшы Самсон Иедемен келісімге келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы Нигерия футбол мектебінің түлегі. Кейін ол Данияның «Мидтьюлланн» клубының академиясында білімін жетілдіріп, жастар құрамында УЕФА Жастар лигасының матчтарына қатысты.
Қазақстанға келгенге дейін Самсон Дания, Украина, Эстония, Бельгия және Сербия чемпионаттарында өнер көрсетіп, 200-ден астам матч өткізді. Өз мансабында «Пайде», «Фремад Амагер», «Ломмель», «Фредерисия», «Хорсенс», «Черноморец», «Ворскла» және «Нови-Пазар» клубтарының намысын қорғады.
Шабуылшының еурокубоктардағы тәжірибесі де бар. Ол эстониялық «Пайде» клубының сапында УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңі матчтарына қатысты. Осы маусымның алғашқы бөлігін Самсон Иеде елордалық «Жеңіс» клубында өткізіп, 12 матчта бір голдың авторы атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Димитар Митков «Ордабасыдан» кетті .
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан