Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат ойыншысы атанды

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Қазақстанның ең қымбат ойыншысы Дастан Сәтпаевтың бағасы Англияның «Челси» командасына ауысар алдында қымбаттады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Transfermarkt Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» командасының бұрынғы шабуылшысының құнын тағы 500 мың еуроға көбейтті. Енді оның бағасы 3,5 млн еуроны құрайды. Бұл - Қазақстан Премьер-лигасы ойыншылары арасында ең жоғары көсреткіш.

Сондай-ақ Сәтпаевтың трансферлік бағасының өсуімен бірге аргентиналық футбол статисті Карлоса Арасакидің нұсқасы бойынша әлемнің жас сұрмергендері арасында алғашқы ондыққа енді. Қазақстандық форвард 20 жастан аспаған ойыншылар арасында тоғызыншы орынға табан тіреп тұр. Ол 17 жасында 25 гол соғып үлгерді.

Бұл тізімді Испанияның «Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль 56 голмен бастап тұр. Одан кейінгі орындарда әрқайсысы 40 голдан соққан бразилиялық Эстевао и Эндрик келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Дастан Сәтпаев Англияға аттанар алдында «Қайрат» сапында екі гол соқты.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан