Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Килиан Мбаппе Франция сапында мерейтойлық матчын өткізді

Килиан Мбаппе Франция сапында мерейтойлық матчын өткізді

Фото: ua-football.com

Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Ирак құрамасымен кездесуде шабуылшы Килиан Мбаппе Франция құрамасы сапында жүзінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында француздар 3:0 есебімен жеңді. Ойын барысында форвард екі гол соғып, кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Ол ұлттық құрама тарихында осы белгіге жеткен оныншы футболшы болды. Алғашқы ондыққа Дидье Дешам (103), Патрик Виейра (107), Зинедин Зидан (108), Марсель Десайи (116), Тьерри Анри (123) кіреді. Үшінші орынды Антуан Гризманн мен Оливье Джиру (әрқайсысы 137), екінші орынды Лилиан Тюрам (142), Уго Ллорис (145) иеленіп отыр.

Мбаппе Франция құрамасында дебютін 2017 жылдың 25 наурызында Люксембургпен (3:1) 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында өткізді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан