2 сағат бұрын
Криштиану Роналду әлем чемпионаты финалдық кезеңінде оныншы голын соқты
Фото: Fifa.com
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өз мансабында әлем чемпионаты финалдық кезеңінде он гол соғып үлгерді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Атақты футболшы дәл қазір өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионаты 2-турындағы Португалия - Өзбекстан кездесуінде екі мәрте көзге түсті. Шабуылшы алдымен 6-минутта көздеген нысанадан мүлт кетпесе, одан кейін 39-минутта тағы бір мәрте қанжығасын майлады.
Қазірге дейін ол ұлттық құрама сапында 229 кездесуде 143 гол соққан еді.
Тағы бір голды португалдық Нуну Мендеш 17-минутта өзінің еншісіне жазды.
Бірінші кезеңнен кейін Португалия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп жатыр.
Португалдық шабуылшы ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын 2006 жылы Германияд өткен әлем чемпионатында соққан еді. Алғашқы голын ол Иран құрамасы қақпасына пенальтиден енгізді.
Айта кетсек, аргентиналық Лионель Месси өз құрамасының Аустриямен кездесуінде екі гол соқты. Осылайша, Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Аргентиналық шабуылшының еншісінде енді 17 гол бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан