Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

24.06.2026

«Ертіс» сапына нигериялық қорғаушы Самуэль Опе келді

«Ертіс» сапына нигериялық қорғаушы Самуэль Опе келді

Фото: «Ертіс» футбол клубы

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы нигериялық орталық қорғаушы Самуэль Опемен келісімшартқа қол қойды, деп хабаралйды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

27 жастағы футболшы кәсіби мансабын Нигерияның «Warri Wolves» клубында бастаған. Өз мансабында бірнеше елдің чемпионаттарында өнер көрсетіп, мол халықаралық тәжірибе жинақтады. Самуэль Опе әр жылдары Өзбекстанның «Актепа» және Ташкенттің «Локомотив», Албанияның «Лачи», сондай-ақ Косовоның «Малишева» клубтарының намысын қорғады.

2023 жылы «Локомотив» (Ташкент) сапында Өзбекстан Про-лигасының жеңімпазы атанып, команданың жоғары дивизионға жолдама алуына үлес қосты. Сонымен қатар Нигерияның жасөспірімдер құрамасына шақырылған.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ертіс» футбол клубы 28 жастағы нигериялық шабуылшы Самсон Иедемен келісімге келді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан