2 сағат бұрын
Дэвид Квабена Эптон «Каспий» сапын ауысты
Фото: «Каспий» футбол клубы
«Каспий» футбол клубы құрамын ганалық жартылай қорғаушы Дэвид Квабена Эптонмен толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
21 жастағы футболшы орталық жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Өзінің кәсіби мансабында Эстонияның Таммека Тарту клубында ойнап, еуропалық футболда тәжірибе жинақтады.
- Жылдамдығы, алаңдағы қозғалысы және доппен жұмыс істеу шеберлігімен ерекшеленетін ойыншы енді маңғыстаулықтардың намысын қорғайды, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» бапкерлер штабы еуропалық маманмен толықты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан