25.06.2026
«Ертіс» Павлодардағы стадионға қашан оралады?
Фото: PavlodarNews
Павлодарлық «Ертіс» өзінің туған стадионына оралады. Алдағы КПЛ турында Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы өз алаңындағы ойынын Павлодардағы жаңартылған көгалда өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Павлодарлық клуб мамыр айынан бастап Астанада қарсыластарын қабылдауға мәжбүр болды. Мұның себебі мстадионды жөндеу екі айға созылды.
«Ертіс» Павлодарға оралғаннан кейін Премьер-лигада өз қаласынан тыс жерде өз алаңында өткізетін екі клуб қана қалады. Қазірге дейін «Атырау» Түркістанда, «Каспий» Қызылордада қарсыластарын қабылдауды жалғастыруда.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ертіс» сапына нигериялық қорғаушы Самуэль Опе келді
.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан