25.06.2026
Футболдан Бірінші лигада «Тұран» қатарынан төртінші жеңісіне жетті
Фото: «Тұран» футбол лубы
Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында ХІ ойындары басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні түркістандық «Тұран» сырт алаңда Семейдің «Елімай-2» командасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында түркістандық клуб сапынан 20-минутта Едіге Оралбай есеп ашқан еді. Одан кейін 27-минутта Карам Сұлтанов мергендік танытса, Руслан Валиуллин 85-минутта қорытынды есепті белгіледі - 3:0.
Түркістандық клуб қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Қазір олар 24 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.
ХІ тур
Ойындар нәтижесі
25 маусым
«Ақтөбе-2» - «Арыс» (Түркістан облысы) 3:1
«Елімай-2» (Семей) - «Тұран» (Түркістан) 0:3
«Қайрат-2» (Алматы) - «Хан тәңірі» (Алматы) 5:0
«Жайық» (Орал) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 0:1.
Енді 26 маусымда тағы үш ойын өткізіледі.
Ойындар кестесі
26 маусым
«Каспий-2» (Ақтау) - «Тобыл-2» (Қостанай)
«Батыр» (Павлодар облысы) - «Астана-2»
«Тараз» - «Шахтер» (Қарағанды).
Бірінші лига ойындары 22 қазанда мәресіне жетеді. Алғашқы екі орындағы командалар Премьер-лигаға жолдама алады.
Еске салсақ, павлодарлық «Ертіс» өзінің туған стадионына оралады. Алдағы КПЛ турында Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы өз алаңындағы ойынын Павлодардағы жаңартылған көгалда өткізед
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан