4 сағат бұрын
Ислам Чесноков «Тобылға» келетін болды
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноков «Тобыл» командасына ауысатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, «Тобыл» шотландиялық «Хартспен» 26 жастағы футболшыға құқықты толық сатып алу туралы келісімге келді. Қостанай клубы екі жыл ішінде Трансфер сомасын бірнеше траншпен төлейтін болады, - деп жазды ол.
Қазақстандық жартылай қорғаушы қостанайлық клубпен 2028 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қояды деп жоспарланып отыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Шотландиялық Daily Record басылымы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың эдинбургтік «Хартстан» кетуге жақын екенін хабарлады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан