1 күн бұрын
«Қайсар» сапында легионерлер саны тоғыз адамға жетті
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Бразилиялық жас дарын Густаво Заго «Қайсардың» жаңа ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
19 жастағы вингер Бразилия чемпионатының беделді ұжымы «Крузейро» сапында доп теуіп, жасыл алаңдағы қарым-қабілетін жоғары екенін байқата білген. Заго өз еліндегі Копина лигасының үздік футболшысы атанған.
Айта кетсек, жазғы трансферде қызылордалық клуб сапын қорғаушы Клайдер Маседо (Бразилия), Стефан Букорац (Сербия) толықтырды.
Қазір қызылордалық клуб сапында Виктор Мозес (Нигерия), Томас Джонс (Чили), Никола Цуцкич (Сербия), Имо Эзекиль (Нигерия), Адам Ковач (Словакия), Кабрал Эваристо Микейас (Бразилия) сынды шетелдік ойыншылар бар.
Осылайша олардың сапында легионерлер саны тоғыз адамға жетті.
Ал қорғаушы Амир Мохамад (Ресей), жартылай қорғаушы Айбол Әбікен (Қазақстан) команда құрамынан кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан