Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

«Астананың» еурокубоктарға қатысуына қауіп төнуі мүмкін - клуб жауап берді

«Астананың» еурокубоктарға қатысуына қауіп төнуі мүмкін - клуб жауап берді

Фото: «Астана» футбол клубы

«Астана» ақпараттық кеңістікте футбол клубының еурокубоктарға қатысуына қауіп төнуі мүмкін деген негізсіз ақпараттың таралуына байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім еті.

- Клубтың еурокубоктардағы тағдыры Албанияға баратын сапарға қаражаттың жоқтығына байланысты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Команда ойынға жоспарға сай дайындалып жатыр. Ұшу, команданы орналастыру және ойынға қатысты барлық ұйымдастыру шығындары толықтай қамтамасыз етілген, - деп жазылған хабарламада.

Клубтың мәлеметінше, мәселе тек УЕФА-ның тоқсан сайынғы қаржылық мониторинг рәсімінен өтуге байланысты.

- Осы рәсім аясында клуб команда мүшелері алдындағы қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растайды. Қазіргі уақытта клуб аталған рәсімнен сәтті өту үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінен тек «Астана» футбол клубының ресми ақпарат көздерінде жарияланатын мәліметке ғана сенуді сұраймыз, - деп толықтырды клуб басшылығы.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» сапында легионерлер саны тоғыз адамға жетті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан