Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Страхиня Танасиевич «Елімай» сапында қандай мақсат қойғанын айтты

Страхиня Танасиевич «Елімай» сапында қандай мақсат қойғанын айтты

Фото: «Елімай» футбол клубы

Семейлік «Елімай» футбол клубының жаңа ойыншысы Страхиня Танасиевич алдағы мақсаты жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ойыншылармен, жаттықтырушылармен және клубтағы барлық адамдармен танысқаныма қуаныштымын. Мұндағы адамдар мені өте жылы қарсы алды. Екі күн бұрын матчқа бардым, атмосфера керемет болды. Бұл жерде адамдар футболды шынымен жақсы көреді. Меніңше, ол жақта матчқа келетін адамдар көбірек болуы мүмкін. Бірақ мұнда адамдар футболды ерекше жақсы көреді. Стадиондағы атмосфера да мүлде бөлек сезіледі. Ол жақта жанкүйерлер көбіне ойыннан ләззат алып, көңіл көтеру үшін келеді. Ал мұнда футболды жақсы түсінетін жанкүйерлер көп сияқты. Бұл – менің алғашқы әсерім.Осы маусымдағы мақсатым – ең алдымен, чемпионатты алғашқы үштікте аяқтау. Сондай-ақ Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жолдама алуға тырысамыз, - деді ол.

Страхиня 1997 жылдың 12 маусымында Сербияның Младеновац қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабында Сербияның «Рад», «Чукарички», «Младост» (Нови-Сад), «Спартак» (Суботица) клубтарында, Италияның «Кьево» командасында өнер көрсетіп, кейін АҚШ-тың MLS лигасындағы «Нью-Йорк Сити» клубының намысын қорғады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» ақпараттық кеңістікте футбол клубының еурокубоктарға қатысуына қауіп төнуі мүмкін деген негізсіз ақпараттың таралуына байланысты ресми түсініктеме берді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан