4 сағат бұрын
«Елімай» қақпашылар шебін тәжірибелі ойыншымен толықтырды
Фото: «Елімай» футбол клубы
Ресейлік қақпашы Иван Коновалов енді семейлік «Елімай» намысын қорғайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
31 жастағы голкипер бұған дейін Шотландия, Қазақстан, Ресей, Сербия біріншіліктерінде өнер көрсетіп «Рубин», «Тобыл», «Балтика», «Туран» және Минскінің «Динамосы» клубтарында жоғары лигалар да мол тәжірибе жинақтады.
Қазірге дейін өскемендік «Алтай» командасы құрамында ойнады.
Еске салсақ, бұдан бұрын семейлік «Елімай» футбол клубының жаңа ойыншысы Страхиня Танасиевич алдағы мақсаты жөнінде әңгімелеп берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан