1 күн бұрын
«Рамазан Оразовпен бірге ойнаған» - «Елімай» словениялық футболшыны қатарға қосты
Фото: «Елімай» футбол клубы
«Елімай» футбол клубы 26 жастағы словениялық орталық қорғаушы Май Миттендорфермен келісімшартқа қол қойды6 деп хабарлайды Sport12.kz.
Миттендорфер семейлік клубқа Словенияның «Копер» командасынан ауысып келді. Өткен маусымда ол барлық турнирде 27 матч өткізіп, 2 голдың авторы атанды.
Айта кетерлігі, Май Миттендорфер «Копер» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен бірге өнер көрсеткен. Енді ол Қазақстандағы мансабын «Елімай» сапында жалғастырады.
Еске салсақ, қарағандылық «Шахтер» Қазақстан Бірінші лигасының 12-туры аясындағы сырт алаңдағы кездесуде шымкенттік «Оңтүстік» командасын жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан