Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Марк Гуаль «Қайрат» сапында жоғары нәтижесімен көзге түсті

Марк Гуаль «Қайрат» сапында жоғары нәтижесімен көзге түсті

Фото: «Қайрат» хоккей клубы

Алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Марк Гуаль небәрі үш кездесуде 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас шығарып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.

Испаниялық шабуылшы дәл қазір Алматыда өтіп жатқан «Оқжетпестен» кезедсуде 30, 36-минуттарда екі гол соғып үлгерді.

Испаниялық шабуылшы Марк Гуаль алматықы клубқа 12 маусым күні қосылды. Ол «Қайрат» сапындағы дебютін келісімшартқа қол қойғаннан кейінгі келесі күні жасап, «Атырауға» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шықты.

«Қайрат» футбол клубы испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды. Келісім 2027 жылдың соңына дейін жасалған.

Марк Гуаль Каталониядағы Бадалона қаласында дүниеге келген. Ол «Бадалона», «Барселона», «Эспаньол» клубтарының академияларында тәлім алды. Кәсіби мансабында «Севилья Атлетико», «Сарагоса», «Жирона», «Реал Мадрид Кастилья», «Алькоркон» клубтарының намысын қорғады.

2022 жылғы көктемде Гуаль польшалық «Ягеллонияға» ауысты. 2022/23 жылғы маусым қорытындысында Польша чемпионатының үздік сұрмергені атанып, Экстраклассаның ең үздік шабуылшысы деп танылды. 2023 жылғы жазда варшавалық «Легия» сапына қосылып, клубпен бірге Польша Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. 2024/25 жылғы маусымда барлық турнирде 19 гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды. Оның ішінде УЕФА Конференция лигасында 7 мәрте мергендік танытты.

Шабуылшының соңғы клубы Португалия чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсететін «Риу Аве» болды.

Сондай-ақ ол Испания U-21 жастар құрамасы сапында үш матч өткізген.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан