Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» ірі есеппен жеңді

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» ірі есеппен жеңді

Фото: Kffleague.kz

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында кейінге қалдырылған ХV турында «Қайрат» (Алматы) - «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойын барысында алғашқы минуттан алматылық команда белсенділік көрсетті. Қарсылас клубтың қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, жылдам гол соғу мүмкіндігін қарастырды. Десе де алғашқы отыз минутында қақпа құлпы ашылған жоқ.

Ойынның 30-минутында алматылық клубтан испаниялық шабуылшы Марк Гуаль мергендігін танытса, 36-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.

Ал олардың қатарынан Жоржиньо 42-минутта есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде көкшетаулық клуб белсенділікті арттырды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ. Есесіне өз қақпасына тағы екі гол жіберіп алды. Алдымен 79-минутта Эдмилсон гол соқса, 90-минутта Азамат Тұяқбаевтың қанжығасы майланды.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 18 ойыннан кейін 39 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Олардан үш ойынды кем өткізген Шымкенттің «Ордабасы» клубының еншісінде 37 ұпайы бар.

Енді 3, 4, 5 шілде Қазақстан чемпионатында ХVІ туры өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан