6 сағат бұрын
Шымкенттік тағы бір футболшы «Ертіске» ауысады
Фото: kazfootball.kz
Қазақстандық жартылай қорғаушы Зикрилло Султаниязов Павлодардың «Ертіс» командасына ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
Шымкенттік футболдың 22-жастағы түлегі жақын арада павлодарлық клуб сапына қосылады. Ол биыл «Ордабасы» командасы сапында үш ойынға қатысты. Команданың 4-турдағы «Атыраумен» кездесуде дөрекі әрекетіне байланысты алаңнан қуылды. Содан кейін команда ойындарына шыға алмай келеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын шымкенттік клуб сапынан «Ертіске» Муроджон Халматов қосылған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан