6 сағат бұрын
Лионель Месси әлем чемпионатында тағы бір рекордты орнатты
Фото: Fifa.com
Аргентина құрамасының шабуылшысы және капитаны Лионель Месси әлем чемпионатындағы мансабында 20 гол соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалдағы ойында Кабо-Верде құрамасымен кездесуде (қосымша уақытта 3:2) тағы бір мәрте көзге түсті.
Ойыншы турнир тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде көшбасшылықты нығайтып, әлем чемпионатындағы ең көп гол соғу рекордын жаңартты. Қазір ол француз шабуылшысы Килиан Мбаппеден екі доп алда тұр.
Сондай-ақ, Аргентина құрамасының капитаны әлем чемпионаты тарихында 30 матч өткізген алғашқы футболшы атанды. Бұл тізімде Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду (26) екінші орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан