4 сағат бұрын
ҚПЛ: «Алтай» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасында ХVІ турында өскемендік «Алтай» өз алаңында «Тобыл» (Қостанай) командасын қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында командалар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Ойынның 49-минутында «Алтай» сапынан Элгуджа Лобжанидзе өз командасын алға шығарды. Одан кейін қостанайлық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.
Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 13 ұпаймен он төртінші орынға көтерілді.
Дәл қазір бұл турда «Қызылжар» (Петропавл) - «Елімай» (Семей) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.
Ал кеше, 3 шілдеде елордалық «Астана» өз алаңында сол қаланың тағы бір өкілі «Жеңісті» 1:0 есебімен жеңді.
Бұл - өскемендік команданың биылғы біріншіліктені екінші жеңісі. Олар бұдан бұрын сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен қапы қалдырған еді.
Алдағы ойындар кестесі
5 шілде
19:00. «Атырау» - «Каспий»
19:00. «Ақтөбе» - «Жетісу»
20:00. «Қайсар» - «Ертіс»
20:00. «Ордабасы» - «Ұлытау».
Бұл турдағы алдын-ала 27 маусымда өткізілген ойында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Қайратқа» 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, қазақстандық жартылай қорғаушы Зикрилло Султаниязов Павлодардың «Ертіс» командасына ауысуға жақын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан