Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

ҚПЛ: «Елімай» «Қызылжарды» қатарынан екі рет жеңді

ҚПЛ: «Елімай» «Қызылжарды» қатарынан екі рет жеңді

Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Қазақстан Премьер-лигасында ХVІ турында семейлік «Елімай» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» қапы қалдырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бір аптадай бұрын олар өз алаңында аталған қарысласынан 2:0 есебімен басым түскен еді. Одан бұрын ел біріншілігінде қатарынан екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде жасыл алаңға шыққан Роман Мұртазаев 70-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Осылайша «Елімай» қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде 26 ұпаймен үздік үштікке жақындай түсті.

Айта кетсек, бұдан бұрын өскемендік «Алтай» өз алаңында «Тобыл» (Қостанай) командасын 1:0 есебімен жеңді.

Ал кеше, 3 шілдеде елордалық «Астана» өз алаңында сол қаланың тағы бір өкілі «Жеңісті» 1:0 есебімен қапы қалдырды.

Енді 5 шілдеде «Атырау» - «Каспий» (Ақтау), «Ақтөбе» - «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда) - «Ертіс» (Павлодар), «Ордабасы» (Шымкент) - «Ұлытау» (Жезқазған) жасыл алаңға шығады.

Бұл турдағы алдын-ала 27 маусымда өткізілген ойында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Қайратқа» 1:3 есебімен есе жіберді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан