Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Астана» мен «Елімайдың» Конференция лигасындағы алғашқы ойынында кімдер төрелік етеді  

«Астана» мен «Елімайдың» Конференция лигасындағы алғашқы ойынында кімдер төрелік етеді  

Фото: «Астана» футбол клубы

EFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қазақстандық клубтардың алғашқы ойындарына төрешілер белгіленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Беделді турнирдің бұл кезеңінде еліміздің атынан елордалық «Астана» мен семейлік «Елімай» сынға түседі.

Семейлік команда 9 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» клубымен кездеседі. Бұл ойында Солтүстік Македония өкілі Влатко Илиоски бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Оған сол елдің өкілі Владимир Митревски мен Борис Трайков көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Пларент Салихи.

Ал елордалық команда 9 шілдеден 10-на қараған түні сағат 00:00-де сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі.

Бұл ойынның бас төрешісі - словакиялық арбитр Лукаш Дзивяк. Оған отандастары Милан Штрбо мен Акос Юхос көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Филип Глова.

Айта кетсек, «Астана» және «Елімай» 16 шілдеде өз алаңында қарымта ойын өткізеді.

Айта кетсек, «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерінен кейін жақын күндері елорда командасының қатарына қайта қосылады,


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан