Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Айбол Әбікен «Қызылжар» сапына не себепті ауысқанын мәлімдеді

Айбол Әбікен «Қызылжар» сапына не себепті ауысқанын мәлімдеді

Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Қазақстандық футболшы Айбол Әбікен петропавлдық «Қызылжар» сапына не себепті ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол спорт журналисі Эльдар Аманабевтың бейнеблогына берген сұхбатында айтты.

- Мені петропавлдық клубтың алдағы жоспары қызықтырды. Сондықтан жаңа командаға қосылуға шешім қабылдадым. Қызылордалық жанкүйерлер мен «Қайсар» командасына зор ризашылығымды білдіремін, - деді ол.

Айбол Әбікен 1996 жылы дүниеге келген 2024 жылы шымкенттік клуб сапында ойын көрсеткен еді. Ол мансабында 2017-2021 жылдары алматылық «Қайрат», 2022 жылы Павлодар облысының «Ақсу» клубында доп тепті. Айбол Әбікен 2025 жылы «Қайсар» сапына ауысса, биыл жазғы трансферде петропалдық клубтың сапын толықтырды.

2018 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетіп келеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан