2 сағат бұрын
Айбол Әбікен жаңа командасына ресми түрде ауысты
Фото: «Қызылжар» футбол клубы
«Қызылжар» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Айбол Әбікенмен екі жарым жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Айбол Әбікен 2004 жылы шымкенттік клуб сапында ойын көрсеткен еді. 2025 жылдан бері «Қайсар» сапына ауысты.
Ол мансабында 2017-2021 жылдары алматылық «Қайрат», 2022 жылы Павлодар облысының «Ақсу» клубында доп тепті. Айбол Әбікен 2025 жылы «Қайсар» сапына ауысты.
2018 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетіп келеді.
Жақында Айбол Әбікеннің қызылордалық сапынан кеткені белгілі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан