1 сағат бұрын
Давид Лория әкесіне қатысты іске байланысты мәлімдеме жасады
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория әкесі, «Қызыл-Жар СҚ» клубының экс-президенті Григорий Лорияның мемлекетаралық іздеуге жариялануына қатысты мәлімдеме жасады.
Tengrinews.kz мәліметінше, Давид Лория бұл жағдайдың өзіне және кәсіби қызметіне қатысы жоқ екенін айтып, кінәсіздік презумпциясын еске салған.
Айта кетейік, Григорий Лория 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру және салық төлеуден жалтару күдігімен іздеуге жарияланған. Тергеу нұсқасы бойынша, 2023 жылы «Қызыл-Жар СҚ» клубына бөлінген 1,7 млрд теңгенің бір бөлігі заңсыз иемденілуі мүмкін.
Григорий Лорияның кінәсі сотта дәлелденген жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz