Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18 сағат бұрын

Айбол Әбікен “Қайсар” сапынан не үшін кеткенін түсіндірді

Айбол Әбікен “Қайсар” сапынан не үшін кеткенін түсіндірді

Фото:»Қайсар» фк

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Қызылорданың «Қайсар» клубынан не үшін кеткенін түсіндірді. Ол клубқа алғыс айтып, мансабын басқа командада жалғастырғысы келетінін жеткізді.

«Клуб тарапынан менің кетуіме байланысты ешқандай мәселе туындаған жоқ. Әрине, «Қайсар» мені өз құрамында сақтап қалуға ниетті болды. Алайда кәсіби мансабымдағы келесі қадамдарды саралай отырып өзгерістер жасауға бел будым. Бұл шешімім өзімді жаңа деңгейде сынап көруге берілген мүмкіндік деп есептеймін.
«Қайсар» менің кәсіби жолымдағы маңызды белеске, үлкен мектепке айналды. Командадағы жағдай тұрақты болды. Осы үшін клуб басшылығына, бапкерлер құрамына, медицина қызметкерлеріне, әрдайым жанымнан табылған командаластарыма шынайы алғысымды білдіремін.», – деді Әбікен.

Бұған дейін 30 жастағы жартылай қорғаушының «Қайсардан» кеткенін және Петропавлдың «Қызылжар» клубына ауысуы мүмкін екені айтылған.

Айта кетейік, Айбол Әбікен «Қайсар» сапында 39 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.


Қазақстан Премьер-лигасының 14 турында «Қайсар» 13 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында келеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан