3 сағат бұрын
«Елімай» қақпашысы жыл соңына дейін қатардан шығып қалды
Фото: «Елімай» футбол клубы
«Елімай» футбол клубының қақпашысы Никита Пивкиннің оң жақ ахилл сіңірінің толық үзілгені анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Бүгін футболшымызға сәтті ота жасалды. Клуб дәрігері Дәулет Қайратұлының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша қалпына келу мерзімі 6-8 айды құрайды. Никита, саған сабыр, күш-қуат және тезірек сауығып, жасыл алаңға мықты болып оралуыңды тілейміз, - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 22 жастағы жартылай қорғаушы Зикрилло Сұлтаниязовпен еңбек келісімшартына қол қойды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан