Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Деян Видич - «Ертіс» клубының жаңа ойыншысы

Деян Видич - «Ертіс» клубының жаңа ойыншысы

Фото: «Ертіс» футбол клубы

«Ертіс» футбол клубы 32 жастағы сербиялық шабуылшы Деян Видичпен еңбек келісімшартына қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Деян Сербияның Велика-Плана қаласындағы «Морава» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабында «Златибор», «Црвена Звезда», «Земун», «Графичар», «Напредак», ИМТ және Босния және Герцеговинаның «Слога» (Добой) клубтарында өнер көрсетті. Соңғы үш маусымда босниялық «Слога» сапында 93 матч өткізіп, 27 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Кәсіби мансабында Сербия мен Босния және Герцеговина чемпионаттарында өнер көрсетті. Оның еншісінде ұлттық чемпионаттар мен кубоктық жарыстарда 200-ден астам ресми матч, 50-ден астам гол және жоғары деңгейдегі мол тәжірибе бар. 2023/24 маусымында сербиялық шабуылшы Босния және Герцеговина Премьер-лигасының үздік сұрмергендерінің қатарына еніп, чемпионатта 16 гол соқты. Бойы – 197 см.

Еске салсақ, бүгін павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 22 жастағы жартылай қорғаушы Зикрилло Сұлтаниязовпен еңбек келісімшартына қол қойды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан