2 сағат бұрын
ӘЧ-2026: Аргентина - Египет кездесуінде алғашқы минуттан кімдер шығады?
Фото: fifa.com
Футболдан әлем чемпионаты 1/8 финалындағы Аргентина - Египет кездесуіндегі негізгі құрам ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы 71000 мың адамға арналған «Мерседес-Бенц Стэдиум» стадионында Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Аргентина: Мартинес, Молина, Ромеро, Мартинес, Тальфико, Паредес, Фернандес, Мак Аллистер, Де Пауль, Альварес, Месси.
Египет: Шобейр, Хани, Ибрахим, Рабья, Хафез, Лашин, Аттия, Ашур, Зико, Салах, Хассан.
Бас төреші - Франсуа Летексье (Франция). Оған отандастары Сириль Мюнье мен Мехди Рахмуни көмектеседі. Қосалқы төреші - Эспен Эскос (Норвегия).
Қазірге дейін екі құрама екі мәрте кездесті. Екеуінде де аргентиналық футболшылар жеңіске жеткен еді.
J тобында сынға түскен Аргентина барлық кездесуде жеңіске жетіп, ұпайдан шашау шығарған жоқ. Лионель Месси бастаған жігіттер Аустрияны 2:0, Алжирді 3:0, Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Плей-офф кезеңінде Кабо-Вердені қосымша кезеңде қосымша кезеңде 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Африкалық футболшылар G тобында екінші орын алды. Олар бес ұпай жинады, бір жеңіс, екі тең ойынмен көзге түсті. Плей-офф сатысында Аустралиямен 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти тебу арқылы келесі кезеңге өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан