17 сағат бұрын
Сегіз жыл ойнаған бразилиялық футболшы «Қайрат» сапынан кетті
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Бразилиялық ойыншы Эдсон «Қайрат» футзал клубынан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Эдсон – сегіз маусым бойы «Қайраттың» намысын абыроймен қорғап, клуб тарихында өшпес із қалдырған ойыншылардың бірі.
Осы жылдар ішінде ол:
7 дүркін Қазақстан чемпионы;
5 дүркін Қазақстан Кубогының иегері;
7 дүркін Қазақстан Суперкубогының иегері;
УЕФА футзал Чемпиондар лигасының екі дүркін күміс жүлдегері;
УЕФА футзал Чемпиондар лигасының қола жүлдегері атанды.
Portimão Masters Cup турнирінің жеңімпазы;
340 матч өткізіп, 214 гол соққан Эдсон әрқашан жанкештілігімен, кәсібилігімен және жеңіске деген құштарлығымен ерекшеленді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат футзал» клубы бразилиялық Жулио Заноттоның команда сапынан кеткенін мәлімдеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан