3 күн бұрын
Жулио Занотто «Қайрат футзал» клубынан кетті
Фото: «Қайрат» футзал клубы
«Қайрат футзал» клубы бразилиялық Жулио Заноттоның команда сапынан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Команда өткізген екі жарқын маусымы үшін шынайы алғысын білдіреді. Осы уақыт ішінде Жулио 125 матчқа қатысып, 36 гол соғып, 92 нәтижелі пас беріп, өз шеберлігімен жанкүйерлердің ықыласына бөленді және команданың жетістіктеріне зор үлес қосты, - деп жазылған хабарламада.
«Қайратпен» бірге Жулио Занотто УЕФА футзал Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымының күміс жүлдегері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы Қазақстан Суперкубогының екі дүркін иегері, Қазақстан чемпионатының екі жыл қатарынан ең үздік ассистенті атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Грузия құрамасының шабуылшысы Бруно Гомеш «Семей» клубымен қоштасты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан